Перейти к содержимому
Главная страница » Таза энергия мен мәдени мұра — ортақ құндылық, ортақ жауапкершілік

Таза энергия мен мәдени мұра — ортақ құндылық, ортақ жауапкершілік

Әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Климаттық өзгерістер мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері бүгінде әлемдік күн тәртібіндегі басты тақырыптардың біріне айналды. Егер бұрын мәдени мұраны сақтау көбіне тарихи және ғылыми тұрғыдан қарастырылса, бүгінде оған табиғатпен үйлесімді даму, таза энергияны пайдалану және климаттық өзгерістерге бейімделу талаптары да қосылды.

Сондықтан мәдени мұраны сақтау мәселесін қоршаған ортадан бөліп қарау мүмкін емес.

Осы ортақ ұстаным аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Таза энергия орталығының атқарушы директоры Айсель Ягубовамен кездесіп, мәдени мұра мен тұрақты даму мәселелерін талқыладық.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры халықтарымыздың тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және әлемге таныту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Мәдени мұраны сақтау бүгінде бір ғана ұйымның міндеті емес. Сондықтан бұл істі халықаралық әріптестермен бірлесе атқарудың маңызы артып отыр.

Кездесу барысында таза энергияны мәдени мұраны қорғау ісінде қолдану, өзара тәжірибе бөлісу және алдағы бірлескен жұмыстар жөнінде пікір алмастық.

Ортақ мұраны сақтау туралы әңгіме нақты іспен жалғасқанда ғана нәтижесін береді. Біз ұстанатын қағида да – осы. Тарихи мұраны сақтаудың мәні – заман талабына бейімдеп, оны бүгінгі өмірмен сабақтастыра білу. Сонда ғана ол келешек ұрпақ үшін де өз құндылығын сақтайды.

Кездесуге уақыт бөліп, мазмұнды әңгіме өрбіткен Айсель Ягубова ханымға шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта өзара байланысымыз нығайып, түркі дүниесінің ортақ мұрасын сақтау жолындағы жұмыстарымыз жемісті болуына тілектеспіз.

#ТүркіМұрасы #ТүркіМәдениеті #МәдениМұра #АқтотыРайымқұлова #ТүркіМәдениетіЖәнеМұрасыҚоры #ТұрақтыДаму #ТазаЭнергия #Экология #ХалықаралықЫнтымақтастық #ТүркіӘлемі #МәдениҚұндылықтар #TurkicHeritage