Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа Конституция – халық таңдауы

Жаңа Конституция – халық таңдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай жариялаған Үндеуі – еліміздің саяси жаңғыруы мен демократиялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат.

«Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады», – деп Президент атап өткендей, бұл – тек Ата заңның жаңаруы ғана емес, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілікті нығайтатын тарихи шешім.

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық негізі, елдің болашағына бағыт беретін басты құжат. Сондықтан жаңа Конституцияның қабылдануы қазақстандықтардың әділетті қоғам құруға деген ортақ ұмтылысының көрінісі деп білемін. Жалпыұлттық референдумда азаматтардың өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетуі – халқымыздың жоғары саяси мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Конституцияның мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтыру керектігімізді айтты. Бұл құндылықтар елді біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыратын күш болмақ.

Бағдат Рахимов,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты