Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар – әділетті, ашық әрі халыққа жақын мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Конституцияда айқындалған заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және қоғамдық келісім қағидаттары әрбір азаматтың өмірінде нақты көрініс табуы тиіс.
Бүгінде халықтың үніне құлақ асу, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеру – мемлекеттік басқарудың басты талаптарының біріне айналды. Осы бағытта Қоғамдық кеңестер мен Халық кеңестерінің рөлі артып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал етуде.
Жаңартылған Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың ел тағдырын шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге тың серпін берді. Конституциялық реформалар аясында енгізілген өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын бекемдеп, қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға, әділдік пен ашықтыққа негізделген жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Барша азаматтарды Конституция талаптарын құрметтеуге, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, заң үстемдігін нығайтуға және ел игілігі жолындағы ортақ жауапкершілікті бөлісуге шақырамыз. Әділетті Қазақстанды құру – әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз бен белсенділігімізге тікелей байланысты.
Қазыбек ДӘУІТӘЛИЕВ,
Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы


