Перейти к содержимому
Главная страница » Жеке құраммен сұхбат өткізіліп, құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Жеке құраммен сұхбат өткізіліп, құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Іс-шараға Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының аға жедел уәкілі, майор Әбдіманапов Нұрлан Қайратұлы қатысып, әскери бөлімнің қызметіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әскери тәртіп пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында майор Нұрлан Қайратұлы әскери қызметшілермен жеке сұхбат өткізіп, олардың қызмет өткеру жағдайына, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне, құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қатысты пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама талаптары мен әскери қызметтің ерекшеліктеріне қатысты жан-жақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын қатаң сақтауға және әскери ұжымдағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара соңында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұлжытпай сақтау, әскери антқа адал болу және қызметтік міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мақаланы жазған Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының
аға жедел уәкілі, майор
Әбдіманапов Нұрлан Қайратұлы