Жуырда Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» бағыты аясында «Алаяқтықтан сақ болыңыз!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүрді. Іс-шараны округ әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Генякова Зухра ұйымдастырды.
Шара барысында тұрғындарға интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері қарапайым тілде түсіндірілді. Соңғы уақыттарда алаяқтар алдану фактілері ішінде егде жастағы азаматтар мен қарттардың да саны артуда. Әсіресе қариялар алаяқтардың сөздеріне иланып, қолындағы барынан айырылуда. Осыған алаңдаған ауыл жастары ауыл азаматтары мен қарттардың үйлеріне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін, SMS-кодтарды ешкімге бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға абай болу керектігін ескертті. Мұндай сақтық шаралары қаржылық қауіпсіздікті қорғаудың маңызды жолы екені айтты.
Тұрғындар өздерін толғандырған саауалдарын да қойды. Сонымен қатар, азаматтарға арнайы жадынамалар таратылып, алаяқтық жағдайы орын алса, бірден 102 нөміріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді.

