Интернеттің кең қолданысқа енуі алаяқтықтың жаңа тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті. Қазіргі таңда қаскөйлер жалған хабарламалар, әлеуметтік желілер мен телефон қоңыраулары арқылы азаматтардың қаражатын иемденуге әрекет жасауда.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін тұрғындарға күмәнді ақпараттарға сенбеу, жеке мәліметтерді бөтен адамдарға бермеу және кез келген қаржылық операция кезінде мұқият болу қажеттігі түсіндірілуде. Қарапайым сақтықтың өзі үлкен шығыннан қорғай алады.
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ

