Перейти к содержимому
Главная страница » Аспан төріндегі әуе өнері

Аспан төріндегі әуе өнері

Байсерке аспанына жиналған көрерменнің назары көк жүзіндегі әсерлі көрініске ауды. «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуының ең тартымды сәттерінің бірі – жоғары пилотаж көрсетілімі басталды. Әуеге көтерілген Як-18Т, Як-52 және Як-55 ұшақтары аспанда шеберліктің сан түрлі үлгісін көрсетті. Бірінен соң бірі көкке көтерілген әуе кемелері көрерменге ерекше әсер сыйлап, көңілдерін көкке қалықтатты. Ұшақтардың шалт қимылы мен дәл орындалған шеберліктері көпшіліктің назарын бір сәтке де босатпады.

Әрбір әуе кемесі аспанда өзіне тән із қалдырып, Байсерке төріндегі авиациялық мерекенің ажарын аша түсті. Көк жүзінде қалықтаған ұшақтарға жұртшылық сүйсіне қарап, әрбір қимылын қызығушылықпен бақылап отырды. Әсіресе жоғары пилотаж элементтері орындалған сәтте көрерменнің қошеметі анық естілді.

Балалар ұшақтарға таңырқай көз тіксе, үлкендер әуе көрсетілімін телефон камерасына түсіріп жатты. Бұл көрініс бүгінгі авиацияның тек техникалық мүмкіндігін ғана емес, ұшқыш шеберлігінің де қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Әуедегі әрбір қозғалыстың артында үлкен тәжірибе, дәлдік пен кәсіби дайындық тұрғаны анық байқалды.

Құралбек СӘБИТОВ