Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Азаматтардың банк салымдары мен операцияларының құпиясы қорғалады

Азаматтардың банк салымдары мен операцияларының құпиясы қорғалады

30 қаралым

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясында азаматтардың қаржылық ақпаратының қорғалуы конституциялық деңгейде бекітілген.
Құжатқа сәйкес, банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл норма жеке өмірге қол сұқпаушылық және дербес деректерді қорғау құқығына арналған 21-бапқа енгізілген. Аталған бапта цифрландыру жағдайында да жеке деректердің қорғалуы ерекше атап өтіледі. Жаңа Конституцияда банк құпиясын шектеу тек заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін екені көрсетілген. Бұл сот шешімі мен заңнамамен айқындалған өзге де рәсімдер арқылы жүзеге асырылатынын білдіреді. Аталған норманы Конституцияда бекіту азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейтуге және елдің қаржы жүйесіне деген сенімді арттыруға бағытталған.

Ерзат АСЫЛ