Перейти к содержимому
Главная страница » АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Қылмыстың алдын алу – азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Бұл жұмыстың ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі ерекше орын алады. Отбасындағы жанжалдың зорлыққа ұласуына жол бермеу үшін алдын алу және түсіндіру шаралары жүргізіледі. Зардап шеккен азаматтардың құқықтық қорғалуына және қажетті көмек алуына жағдай жасау да назарда. Алайда мұндай жағдайлардың алдын алу тек тиісті органдардың жұмысына байланысты емес. Отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік және жауапкершілік те маңызды рөл атқарады. Құқықтық сауатты адам өз құқығын қорғаумен қатар, өз әрекетінің салдарын да түсінеді. Сондықтан тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Қоғам мүшелерінің құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы да оның алдын алуға ықпал етеді. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Отбасындағы қолайлы ахуал баланың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Зорлық-зомбылыққа көз жұма қарамай, мәселені уақытында көтеру – қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды қадамы. Берік отбасы мен заңға құрмет – қауіпсіз қоғамның берік негізі.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ