Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Бауырсақ-пати» – ұлттық дәстүрді ұлықтаған мерекелік шара

«Бауырсақ-пати» – ұлттық дәстүрді ұлықтаған мерекелік шара

56 қаралым

23 тамыз күні Құрылтай сайлауына орай Іле ауданы Байсерке ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылындағы №367 сайлау учаскесінде тұрғындарға арналған «Бауырсақ-пати» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Ұлттық дәстүрді дәріптеп, ауыл тұрғындарының сайлау күніндегі белсенділігін арттыруды мақсат еткен шараға Көктерек ауылының тұрғындары мен «Евро-бетон» зауытының ұжымы қатысты.

Шара барысында дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – бауырсақ ұсынылды. Қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен бас қосты.

«Бауырсақ-пати» ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, ауыл тұрғындары мен еңбек ұжымының арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға да өз үлесін қосты. Қазақтың қонақжайлық дәстүрі мен ұлттық тағамын дәріптеген шара сайлау күнінің мазмұнын толықтыра түсті.

Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар ел азаматтарының қоғамдық белсенділігін арттырып, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.