Перейти к содержимому
Главная страница » Бірлік бар жерде тірлік бар

Бірлік бар жерде тірлік бар

     Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Тұрғындардың өзара түсіністігі мен ортақ жауапкершілігі де бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді. Әсіресе тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасында сенімді байланыс орнаған кезде көптеген мәселенің алдын алуға мүмкіндік туады. Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін азаматтардың өз ауласына, көшесіне және қоғамдық кеңістіктерге жанашырлықпен қарауы маңызды. Күмәнді жағдайды байқап, тиісті орындарға хабарлау, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге жол бермеу – азаматтық ұстанымның көрінісі. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау да маңызды. Себебі белгілі бір аумақтағы мәселені сол жерде тұратын халықтан артық білетін адам аз.

      Қоғамдық қауіпсіздік өзара сенімге негізделгенде ғана тұрақты нәтиже береді. Әр азамат «бұл менің емес, біреудің мәселесі» деген түсініктен арылып, ортақ іске үлес қосуы қажет. Заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бірлік пен жауапкершілік бар жерде қауіпсіздік те берік болады.

Құралбек СӘБИТОВ