Есірткінің заңсыз айналымы – қоғамның қауіпсіздігі мен жастардың болашағына тікелей қауіп төндіретін мәселелердің бірі. Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тартылуының алдын алу маңызды.
Бұл бағытта тек құқық қорғау шаралары жеткіліксіз. Отбасындағы тәрбие, мектептегі түсіндіру жұмыстары, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау қатар жүргізілуі қажет.
Жастарға есірткінің адам денсаулығына, болашағына және қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру – профилактиканың негізгі бағыттарының бірі. Әрбір ата-ана мен педагог баланың ортасына, мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударып, қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқауы маңызды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

