Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / ІЛЕ АУДАНЫНДА 600 МЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН ЖАҢА САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА 600 МЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН ЖАҢА САУДА ҮЙІ АШЫЛДЫ

28 қаралым

Байсерке ауылдық округінде жаңа сауда нысаны іске қосылды. Бүгін, 21 тамызда Іле ауданында 600 млн теңге инвестиция тартылған жаңа сауда үйі салтанатты түрде ашылып, 35 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жаңа сауда үйінде Small Food дүкені жұмыс істейді. Заманауи форматтағы сауда нысаны Байсерке ауылдық округі мен оған іргелес елді мекен тұрғындарына қажетті тауарларды қолжетімді әрі қолайлы жағдайда сатып алуға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 600 млн теңгені құрайды. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл – бір жағынан тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырса, екінші жағынан жергілікті еңбек нарығы мен кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін жоба.

Салтанатты ашылу барысында жаңа нысанның аудан экономикасына қосар үлесі мен жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы атап өтілді.

Іле ауданында инвестиция тарту, жаңа кәсіпкерлік нысандарын іске қосу және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жаңа сауда үйінің ашылуы – осы бағыттағы кезекті