Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Іле ауданында тұрғындар сайлауға белсенді қатысуда

Іле ауданында тұрғындар сайлауға белсенді қатысуда

36 қаралым

Іле ауданында сайлау үдерісі жалғасып жатыр. Тұрғындар сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысуда.

Бүгін сайлау учаскесіне келген азаматтардың бірі – Фархад. Ол Іле ауданындағы №353 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Фархад сайлауға қатысуын ерекше түрде көрсетуді жөн көрген. Ол сайлау учаскесіне көпшілікке танымал ертегі кейіпкерінің бейнесіндегі арнайы костюммен келді. Ерекше киімі айналасындағылардың назарын аударып, сайлау күніне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл дауыc беру күнінің тағы бір жарқын сәтіне айналып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы көтеріңкі көңіл-күймен және шығармашылық тұрғыда жүзеге асуы мүмкін екенін көрсетті.