Перейти к содержимому
Главная страница » Интернеттегі алаяқтардан сақ болыңыз!

Интернеттегі алаяқтардан сақ болыңыз!

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет алаяқтарының да әрекетін күшейтті. Бүгінде жалған қоңыраулар, күмәнді сілтемелер мен қаржы пирамидалары азаматтардың қаражатын заңсыз иемденудің кең таралған тәсілдеріне айналған.
Алаяқтар көбінесе банк қызметкерлері ретінде хабарласып, жеке мәліметтерді немесе SMS-кодтарды сұрайды. Мұндай жағдайда ешқандай ақпарат бермеу керек.
Кез келген инвестициялық ұсынысты мұқият тексеріп, жоғары табысқа кепілдік беретін жобалардан сақ болған жөн. Қаржылық сауаттылық – интернет алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ