Перейти к содержимому
Главная страница » Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – басты назарда

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – басты назарда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Ұйғыр ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың өмір сұру жағдайын зерделеуге, олардың қауіпсіздігін бақылауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өтті. Аталған шараға Ювеналдық полиция тобының (ЮПТ) және Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының (ОТЗЗҚКТ) инспекторлары белсене қатысты.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған және әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз санаттағы отбасылар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді. Тексеру кезінде кәмелетке толмағандардың өмір сүру жағдайы, тәрбиесі мен қауіпсіздігі жан-жақты зерделеніп, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті қаншалықты деңгейде атқарып отырғаны назарға алынды. Олардың арасында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетіп немесе қандай да бір қылмысқа итермелеу фактілері болып жатса, тиісті орындарға хабарлауы қажетігін де ескертті. Тиісінше бұл күні де құқық қорғау органдары көрген кемшіліктеріне ескерту айтып, ол отбасылардың ұдайы назарда болатынын да қатаң айтты.

Сонымен қатар, тұрғындармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Мамандар ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын атап өтіп, жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыз отбасылармен жүргізілетін жұмыстар тұрақты бақылауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаларын нығайтуға өз үлесін қоса бермек.