Перейти к содержимому
Главная страница » Құрылтай ел бірлігін нығайта түспек

Құрылтай ел бірлігін нығайта түспек

Алатау қаласында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістердің бірі. Құрылтайдың қалыптасуы азаматтардың қоғамдық мәселелерді талқылауға, ел дамуына қатысты ұсыныстарын білдіруге және ортақ шешімдер қабылдауға қатысуына жаңа мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қалада тұрғындарға Құрылтайдың мақсаты мен маңызын түсіндіру, сайлау тәртібі туралы ақпараттандыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Кездесулер мен түсіндіру шаралары барысында азаматтарға Құрылтай депутаттарын сайлаудың ерекшеліктері түсіндіріліп, әр адамның белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығы атап өтілуде.

Құрылтай – халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Сондықтан оған дайындық тек ұйымдастырушылық шаралармен шектелмей, тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Алатау қаласының тұрғындары үшін бұл үдеріс – өз пікірін білдіріп, ел мен өңірдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге атсалысудың мүмкіндігі. Әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі қоғамдық институттардың дамуына тікелей ықпал етеді.

Құрылтайдың жұмысы ел бірлігін нығайтуға, азаматтардың үнін естуге және қоғамның ортақ мүддесін қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайға дайындық – бүгінгі күннің ғана емес, елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам.

Нұрхайын МҰХИДДИНОВ