Перейти к содержимому
Главная страница » Мәдениетті қоғамның белгісі

Мәдениетті қоғамның белгісі

жаңа конституция

         Ресми түрде күшіне енген Қазақстанның жаңа Ата Заңы – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын және қоғамдағы әділдік пен заңдылықтың негізін қалайтын маңызды құжат. Конституция – әрқайсысымызға тең мүмкіндік беретін, елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтатын басты құжат. Ол мемлекеттің негізгі ұстанымын білдіретін бағдаршам сияқты. Онда қоғамның құндылықтары мен әр азаматтың құқықтары барынша көрсетілген. Егер еліміздің басты Заңы азаматтардың мүддесін қорғап, күнделікті өмірде көрініс табатын болса, демек оның өміршең болғаны. Сондықтан оны жарқын болашақтың құқықтық кепілі деуге болады.

         Мәдениет – мемлекеттің рухани өмірінің тыныс-тіршілігін білдіретін маңызды сала. Конституцияның қадірін түсінетін мәдениетті қоғам ғана болашағына нық сеніммен қарай алады. Президенттің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын қолдай отырып, әрбір азамат елдің дамуына өз еңбегімен үлес қосуы қажет деп санаймын. Бірлігі бекем, заңға құрметі жоғары, мәдениетті қоғам ғана мемлекетіміздің болашағын баянды ете алады. Ата Заңға құрмет – Отанымыздың болашағына деген құрмет.

Нұрбибі ӘШЕКЕЕВА, Жамбыл аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту, денешынықтыру

және спорт бөлімінің басшысы