Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң және тәртіп» идеологиясы қазіргі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл ұғым тек құқықбұзушылықтың алдын алу немесе заң талаптарын сақтау ғана емес. Бұл – қоғамда құқықтық мәдениетті, әділдікті, жауапкершілікті және өзара құрметті қалыптастырудың тұтас жүйесі. «Конституцияның 3-бабында мемлекеттің негізгі қызмет қағидаттарының бірі ретінде заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету белгіленген. Сонымен қатар ұлттық бірлікті нығайту, жауапты патриотизмді дамыту, еңбекқорлық пен білім құндылықтарын дәріптеу, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру да мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалған.
– Бұл қағидаттарды жүзеге асырудағы негізгі жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі. Өйткені азаматтардың мемлекетке деген сенімі күнделікті көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы арқылы қалыптасады. Жалпы, жаңа Конституция мен Жаңа Заң аясындағы реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыруға және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл өзгерістер заң үстемдігіне негізделген, ашық, тиімді әрі заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға берік негіз қалайды,– дейді мемлекеттік қызметкер Әнуар Жанболатұлы.
Ерзат АСЫЛ

