Перейти к содержимому
Главная страница » Меншікті қорғау – азамат қауіпсіздігінің бір бөлігі

Меншікті қорғау – азамат қауіпсіздігінің бір бөлігі

Азаматтың мүлкі мен меншігін қорғау да құқықтық тәртіптің маңызды бөлігі. Ұрлық, алаяқтық, мүлікті заңсыз иемдену секілді құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін тұрғындардың сақтық шараларын сақтауы қажет.

Үйден ұзақ уақытқа кетерде қауіпсіздік жүйелерін пайдалану, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, банк карталарының деректерін қорғау – қарапайым болғанымен, тиімді сақтық шаралары. Құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмысы азаматтардың жеке жауапкершілігімен қатар жүргенде ғана нақты нәтиже береді.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ