Перейти к содержимому
Главная страница » Отбасының сәні — сыйластық

Отбасының сәні — сыйластық

Қоғамдағы көптеген құндылықтың бастауы отбасынан қалыптасады. Үйдегі өзара сыйластық пен түсіністік баланың мінез-құлқына, дүниетанымына және адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді. Отбасында мәселені күшпен емес, әңгімелесу арқылы шешуге үйрену маңызды. Әр адамның пікірін тыңдау, ашуға берілмеу және бір-бірінің қадір-қасиетін құрметтеу – берік шаңырақтың негізі.
Тұрмыстық жанжалдың алдын алу үшін қиындықты жасырып қалмай, қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпау керек. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қоғамның көз жұма қарауы дұрыс емес. Әр адамның қауіпсіздігі мен құқығы қорғалуы тиіс.
Берекелі отбасы – тыныш қоғамның тірегі. Сондықтан отбасындағы татулықты сақтау – әр азаматтың маңызды жауапкершілігі.

Құралбек СӘБИТОВ