Боралдай кентінде білім алып жүрген жас өрен Бақыт Бексұлтан Ернарұлы бүгін анасы екеуі №344 сайлау учаскесіне келіп, жүрекке жылу сыйлаған ерекше сәттің куәсі болды.
Сайлау комиссиясының мүшелері арасынан Бексұлтан балабақшадағы тәрбиешісін бірден танып, қуанышын жасыра алмады. Бала күнінен мейірімін төгіп, алғашқы тәлім-тәрбиесін берген апайын көрген ол анасына гүл алып беруді өтінді. Сөйтіп, бұрынғы тәрбиешісіне гүл шоғын өз қолымен табыстады.
Бексұлтанның ұстазына деген құрметі бір сәттік емес екен. Ол жыл сайын 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында балабақшадағы тәрбиешісін арнайы құттықтап тұрады.
Бұл – бала жүрегінде сақталған шынайы алғыс пен ізеттіліктің көрінісі. Кішкентай бүлдіршінге кезінде бағыт-бағдар берген тәрбиешінің еңбегі бүгінде оның бойындағы үлкенді сыйлау, құрмет көрсету секілді қасиеттерінен көрініс тапқан.
Жылдар өтсе де алғашқы ұстазын ұмытпаған Бексұлтанның бұл әрекеті – тәрбиенің жемісі.
Іле ауданы