Тазалық сақтау – үлкен міндеттен бұрын күнделікті әдеттен басталады. «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты да қоғамда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Аула мен көшені таза ұстау, қоқысты арнайы жәшікке салу, табиғат аясында демалғаннан кейін артынан жинау – әр адамның қолынан келетін қарапайым іс. Осындай әрекеттер көпшілік арасында қалыпты әдетке айналса, қоршаған орта да таза болады.
Тазалыққа немқұрайлы қарамау – туған жерге деген құрметтің бір көрінісі. Сондықтан табиғатты қорғау мен айналаны таза ұстауға әр азамат өз үлесін қоса алады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ