Тазалық – қоршаған ортаға деген құрметтің бір белгісі. «Таза Қазақстан» бастамасы тұрғындарды туған жердің табиғатын аялауға және ортақ кеңістікті таза ұстауға шақырады.
Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау, табиғат аясында демалғаннан кейін артынан жинау – қарапайым көрінгенімен, маңызы зор әрекеттер.
Экологиялық мәдениет адамның күнделікті әдетінен қалыптасады. Әркім өзінен бастап, айналасына жауапкершілікпен қараса, таза орта қалыптастыруға бірге үлес қоса алады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ