Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі. Ол адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына кері әсер етіп, балалардың тәрбиесіне де зиянын тигізеді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу – құқық қорғау органдары мен қоғамның ортақ міндеті.
Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамалар күшейтіліп, жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға басымдық берілуде. Алайда заңның қатаң болуы ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – зорлық-зомбылыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру. Егер мұндай жағдайға куә болсаңыз немесе жақындарыңыздың бірі зардап шегіп жүрсе, үнсіз қалмай, тиісті органдарға хабарлау маңызды.
Отбасындағы сыйластық пен өзара құрмет – берік қоғамның негізі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, өзгелердің құқығына қол сұқпаған жағдайда ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптасады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

