Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі!

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі!

«Заң мен тәртіп» қағидалары аясында Үлкен Ақсу ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Г.Миталипова мен Үлкен Ақсу ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны М.Ахметов бірлесіп қатысты.

Рейд барысында су айдындары маңы түгел араланып, шомылуға тыйым салынған аумақтардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар тұрғындармен, әсіресе жастар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рұқсат етілмеген жерлерде суға түсудің адам өміріне төндіретін қауіпі кеңінен айтылды.

Мамандар азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмау, тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылу керектігін түсіндірді.

Қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Сондықтан әрбір тұрғын өз өмірі мен жақындарының амандығына бейжай қарамай, сақтық шараларын ұстануы тиіс.