Перейти к содержимому
Главная страница » Жол ережесі — өмір ережесі

Жол ережесі — өмір ережесі

Жол қозғалысы ережелерінің әрбір тармағының артында адам өмірін қорғау мақсаты тұр. Сондықтан жолдағы талаптарды орындау жай ғана міндет емес, өмірге деген жауапкершілік. Жүргізушінің жылдамдықты дұрыс таңдауы, жаяу жүргіншіге жол беруі және жол белгілерін ескеруі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Жаяу жүргінші де жолға шығар алдында айналасына назар аударып, белгіленген өткелді пайдалануы қажет. Әсіресе балаларға бұл талаптарды тұрақты түсіндіріп отырған жөн.
Жолдағы бірнеше секундтық асығыстық ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан уақыттан бұрын қауіпсіздікке басымдық берген дұрыс. Жол мәдениеті қалыптасқан жерде жүргізуші де, жаяу жүргінші де бір-біріне құрметпен қарайды. Ең бастысы – жолдағы әр адамның үйіне аман жетуі.

Құралбек СӘБИТОВ