Жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның жауапкершілігіне байланысты. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, белгіленген жылдамдықтан аспауы қажет. Жаяу жүргіншілер де жолды тек арнайы өткелдер арқылы кесіп өткені жөн. Қауіпсіздік белдігін тағу және балаларды арнайы орындықпен тасымалдау – маңызды талаптардың бірі. Мас күйінде көлік жүргізуге жол берілмейді. Жол мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

