Перейти к содержимому
Главная страница » Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншіге байланысты

Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншіге байланысты

Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – күнделікті өмірдегі ең маңызды талаптардың бірі. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, көлік басқару кезінде телефонға алаңдауы немесе жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтуі салдарынан орын алуы мүмкін.

Жолдағы тәртіп тек айыппұлдан қорыққандықтан емес, адам өмірінің қауіпсіздігі үшін сақталуы тиіс. Жүргізуші де, жаяу жүргінші де өз әрекетінің салдарына жауапкершілікпен қарағанда ғана жолдағы қауіп азаяды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ