Перейти к содержимому
Главная страница » Жолдағы қауіпсіздік – өмірдің кепілі

Жолдағы қауіпсіздік – өмірдің кепілі

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан болады. Жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң ұстанып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы тиіс. Мас күйінде көлік жүргізу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер де белгіленген өткелдер арқылы өтіп, жолда мұқият болуы қажет. Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ата-аналардың жауапкершілігі ерекше. Қауіпсіздік белдігін тағу және балаларға арналған арнайы орындықтарды пайдалану адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Құқық қорғау органдары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық рейдтерді тұрақты ұйымдастырады. Жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтау – әр жүргізушінің міндеті. Жолдағы мәдениет өзара сыйластық пен жауапкершіліктен басталады. Әрбір сақталған ереже – сақталған өмір. Сондықтан жолдағы тәртіпке бейжай қарауға болмайды.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ