Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның өзекті мәселесі. Мұндай құқық бұзушылық адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және балалардың тәрбиесіне кері әсер етеді. Сондықтан зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасуы тиіс. Құқық қорғау органдары жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Қажет болған жағдайда қорғау нұсқамалары шығарылып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Сонымен қатар әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету тетіктері де жетілдіріліп келеді.
Мамандар тұрғындарды құқықтары туралы ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырады. Зорлық-зомбылықтың куәсі болған азаматтар мұндай жағдайға бейжай қарамауы қажет. Уақытылы хабарланған әрбір дерек адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік қоғамдағы тұрақтылықтың негізі саналады. Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның басты тірегі. Сондықтан бұл мәселеге әр азамат жауапкершілікпен қарауы қажет.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

