Перейти к содержимому

Адам қадір-қасиеті – басты құндылық

20 қаралым

Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалады. Жаңа Конституцияда адамды азаптауға және оған зорлық-зомбылық көрсетуге жол берілмейтіні белгіленген. Бұл норма әр адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға бағытталған. Қоғамда бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру қажет. Кез келген келіспеушілікті күш қолданбай, заң аясында шешу маңызды. Отбасында да, қоғамдық ортада да адамның қадір-қасиеті тапталмауы тиіс. Адам құқығын құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.

Ерзат АСЫЛ

↑