Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ақпарат ағыны біздің қабылдауымызға қалай әсер етеді: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа материалдар топтамасын іске қосты

Ақпарат ағыны біздің қабылдауымызға қалай әсер етеді: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа материалдар топтамасын іске қосты

16 қаралым

Күн сайын біз мыңдаған хабарлама, бейне және суретке кезігеміз. Алайда ақпараттың біздің қабылдауымызға қалай әсер ететінін және оқиғаларға деген көзқарасымызды қалай қалыптастыратынын әрдайым байқай бермейміз.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (T.me/JAQortcomkz) осы тетіктерді түсінуге көмектесетін қысқа ақпараттық-ағартушылық материалдар топтамасын дайындады.

Жаңа карусельдер JAQ.ORTCOM-ның Instagram (Instagram.com/jaqortcomkz) және TikTok (Tiktok.com/@jaq.ortcom.kz) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.