Қазіргі таңда алаяқтықтың түрі көбейіп, азаматтарды сақ болуға шақырудың маңызы артып отыр. Алаяқтар көбіне адамның сеніміне кіріп, шұғыл шешім қабылдауға итермелейді. «Ақшаңыз қауіпте», «ұтысқа ие болдыңыз» деген сияқты сөздер күмән тудыруы тиіс. Бейтаныс адамдардың талап етуімен ақша аударуға болмайды. Жеке мәліметтерді де бөгде адамға бермеу қажет. Әсіресе банк картасының нөмірі, құпия коды мен SMS-кодты қорғау маңызды. Күмәнді хабарламалар мен жалған жарнамаларға да абай болған жөн. Алаяқтар адамның асығыс шешім қабылдауын пайдаланады.
Сондықтан кез келген қаржылық ұсынысты алдымен тексеру керек.
Туыс немесе таныс атынан ақша сұралса да, оның рас-өтірігін анықтаған жөн. Қауіп байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарласу қажет.
Алаяқтықтың алдын алуда халықтың сауаттылығы маңызды рөл атқарады.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ