Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алаяққа алданбаудың жолы – асықпау

Алаяққа алданбаудың жолы – асықпау

21 қаралым

Телефон немесе интернет арқылы келген кез келген ақпаратқа бірден сенуге болмайды. Бейтаныс адам банк қызметкері ретінде хабарласып, құпия код сұраса, әңгімені тоқтатқан дұрыс. Туыстың атынан ақша сұраған хабарламаны да қайта тексеру қажет. Әлеуметтік желідегі тым арзан тауарлар мен оңай табыс туралы ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Ақша аудармас бұрын алушының деректерін бірнеше рет тексеру керек. Бірнеше минуттық тексеру үлкен қаржылық шығыннан сақтауы мүмкін.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ