Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алаяқтың арбауына түспеудің жолы бар

Алаяқтың арбауына түспеудің жолы бар

15 қаралым

Бүгінде алаяқтар адамдарды алдау үшін телефон қоңырауынан бастап жалған интернет-дүкендерге дейін түрлі тәсілді пайдаланады. Көп жағдайда қылмыскерлер өзін банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырады. Әңгіме барысында адамның үрейін туғызып, дереу ақша аударуды талап етуі мүмкін. Мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтап, қоңырауды тоқтатқан дұрыс. Картадағы қаражатқа қатысты ақпаратты және бір реттік SMS-кодтарды ешкімге айтуға болмайды. Туыстың немесе таныстың атынан ақша сұраған хабарлама келсе, оның рас-өтірігін басқа байланыс арқылы тексеру қажет. Интернеттен тауар сатып алғанда сатушының деректерін мұқият қараған жөн. Ал жоғары табысқа кепілдік беретін күмәнді инвестициялық ұсыныстардан аулақ болған дұрыс. Ақшаны бірнеше есеге көбейтуді уәде ететін қаржы пирамидалары адамның сенімін пайдаланып, қаржылық шығынға әкелуі мүмкін. Қаржыға қатысты кез келген шешім асықпай тексерілгеннен кейін қабылдануы керек.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ