Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылында «Әділет» партиясының облыстық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Осы бағытта ұйымдастырылған мобильді қоғамдық қабылдаудың мақсаты – шалғай елдімекендердегі тұрғындардың мәселесін жергілікті жерде тыңдап, тиісті органдарға жеткізу.
Қабылдауға партия өкілдері, депутаттар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Қоғамдық қабылдауға 40-тан астам тұрғын жүгінді. Олар ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы, электр қуатының тұрақсыздығы және жарықтың жиі өшуіне қатысты мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар жаңа мектеп салу, жөндеуді қажет ететін көшелерді ретке келтіру және қоғамдық көлік аялдамаларын орнату қажеттігін айтты.
Айта кетейік, кездесу барысында тұрғындардың көтерген мәселелері тыңдалып, жауапты органдардың назарына ұсынылды.
Балқаш ауданы