Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ата-ана да, жүргізуші де, қоғам да жауапты. Мектеп маңындағы жолдарда көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударуы тиіс. Балалар жол қозғалысының барлық жағдайын толық бағалай алмауы мүмкін. Сондықтан оларға жолдан өту тәртібін ерте жастан үйретудің маңызы зор. Ата-аналар баласына бағдаршамды, жол белгілерін және жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалануды түсіндіруі қажет. Жүргізушілер балалардың жол бойында жүргенін көргенде барынша сақ болғаны жөн. Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Бала өмірін қорғау жолдағы әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.
Құралбек СӘБИТОВ
