Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ДӘСТҮРІ БЕРІК ЕЛДІҢ ОТБАСЫ БЕРЕКЕЛІ

ДӘСТҮРІ БЕРІК ЕЛДІҢ ОТБАСЫ БЕРЕКЕЛІ

18 қаралым

17 қыркүйек күні Отбасы қолдау орталығында «Дәстүрі берік елдің отбасы берекелі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын насихаттау және ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Дөңгелек үстелге қала тұрғындары, аналар, отбасы мәселелері бойынша мамандар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Отбасы – тәрбиенің бастауы», «Ана өнегесі – ұрпақ тәрбиесінің негізі», «Дәстүр сабақтастығы – ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыптарында мазмұнды пікірлер айтылды.

Қатысушылар отбасындағы өзара сыйластық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық көрсету, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық дәстүрлерді кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы туралы ой бөлісті.

Еркін пікір алмасу барысында қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіру және отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгімелер айтты.

Кездесу қорытындысында отбасы — мейірім мен адамгершіліктің, тәрбие мен ұлттық құндылықтардың негізі екені атап өтілді. Дәстүрін құрметтеп, үлкенін сыйлап, кішісіне қамқорлық көрсеткен отбасы ғана қоғамның берік негізін қалыптастыра алады.

Осындай тағылымды кездесулер отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық тәрбиенің сабақтастығын сақтауға және ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

 Күмістей  ӘБІШЕВА,

«Асыл ана» кеңесінің төрағасы

Ынтымақ шағынауданы