Қоршаған ортаны қорғау тек сенбілік кезінде атқарылатын жұмыспен шектелмеуі керек. Экологиялық мәдениет адамның күнделікті өміріндегі қарапайым әрекеттерінен қалыптасады.
Қоқысты сұрыптау, артық заттарды ысырап етпеу, суды үнемдеу, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа зиян келтірмеу – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің нақты көрінісі.
«Таза Қазақстан» бастамасы осындай құндылықтарды қоғам өміріне орнықтыруға бағытталған. Әр азамат өзінің әрекеті арқылы айналасына үлгі бола алады.
Тазалыққа деген көзқарас өзгерген сайын қоршаған ортаға деген жауапкершілік те артады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруды кейінге қалдырмай, оны күнделікті әдетке айналдыру маңызды.
Таза Қазақстан – тек таза көшелер мен аулалар емес, табиғатқа жанашыр, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын қоғам.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ