Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Есірткіге қарсы күрес – жастардан басталады

Есірткіге қарсы күрес – жастардан басталады

18 қаралым

Жастардың есірткіге тәуелді болуы қоғам үшін ғана емес, әр отбасы үшін үлкен қасірет. Қазіргі таңда заңсыз заттарды таратуда интернет мүмкіндіктерін пайдалануға тырысатын қылмыстық топтар бар. Олар жас адамдарды ақша табудың оңай жолын ұсыну арқылы өз қатарына тартуы мүмкін. Алайда мұндай әрекеттің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін естен шығармаған жөн. Жасөспірімдерге бейтаныс адамдардан келген күмәнді ұсыныстарға жауап бермеуді түсіндіру қажет. Ата-ананың баласының қызығушылығы мен ортасына назар аударуы да маңызды. Бала өз мәселесін ашық айта алатын отбасында қауіпті жағдайды ертерек анықтау мүмкіндігі жоғары болады. Спорттық үйірмелер, шығармашылық сабақтар және қоғамдық жұмыстар жастардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Есірткінің зияны туралы ақпарат нақты әрі түсінікті түрде жеткізілгені дұрыс. Жастардың саналы таңдауы мен сергек ортасы есірткі қылмысының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ