
Іле ауданында футболдан аудан чемпионатының 17-тур ойындары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтті. 17-турда командалар арасында тартысты ойындар ұйымдастырылып, келесі нәтижелер тіркелді:🔹 «Ақши» — «Байсерке» 1:4🔹 «Өтеген батыр» — «Қараой» 1:2🔹 «Ақсай» — «Боралдай» 3:0🔹 «Асқар Тоқпанов» — «Ащыбұлақ» 3:0«Байкент» командасы 17-турда демалды. Енді чемпионаттың соңғы, 18-туры қалды. Биылғы чемпионның тағдыры дәл осы шешуші турда анықталады. «Ақсай» мен «Байсерке» командалары чемпиондық атақ үшін өзара бақ сынайды.🏆 Бір маусымдық тартыстың нүктесін қоятын шешуші ойын алда! Барша футбол жанкүйерлерін командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз!
«Заң мен тәртіп» — қауіпсіз әрі әділ спорттық ортаның негізі!