Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Іледе тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Іледе тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

32 қаралым

Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті санитарлық тазалық сенбілігі өткізілді. Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 4 095 адам қатысып, 31 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 гектар аумақ тазартылып, 64 тонна қоқыс шығарылды.

Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындар, жол жиектері мен ортақ пайдаланылатын аумақтар қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары Іле ауданында тұрақты түрде жалғасуда.

Алтынай СЕЙІТКЕН