Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тұрақты бақылауды және қоғамдық серіктестікті талап етеді. Құқық қорғау органдары заңсыз сақтау, тарату және тұтыну фактілерінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. 2026 жылы есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынуға қатысты әкімшілік жауапкершілік нормалары да күшейтілді. Алайда құқықтық шаралармен қатар халықтың құқықтық сауатын арттырудың маңызы зор. Күмәнді интернет жарнамаларға немесе заңсыз табыс туралы ұсыныстарға сенбеу қажет. Әсіресе жастардың әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерді ажырата білуі маңызды. Есірткіге қатысты заңсыз әрекет адамның өзіне ғана емес, оның айналасына да зиян келтіреді. Сондықтан алдын алу жұмысына қоғамның әр мүшесі атсалысуы қажет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
