Перейти к содержимому

ІШІМДІКПЕН КӨЛІК БАСҚАРУҒА ЖОЛ ЖОҚ!

24 қаралым

Жол қозғалысына қатысушы әр адам қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті. Әсіресе көлік жүргізушісінің мас күйінде рөлге отыруы ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Алкоголь адамның реакциясын төмендетіп, жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілетіне әсер етеді. Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, басқа адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан көлік басқарған кезде ішімдікке мүлдем жол бермеу керек. Жүргізуші өз өміріне ғана емес, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де жауапты. Жолдағы тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік.