«Іскер аймақ» бағдарламасы – «Даму» қоры арқылы іске асырылатын кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені төмендетуге арналған бағдарлама. Бағдарламаның негізгі параметрлері:
• Қатысушылар: микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;
• Кредит сомасы: 200 млн теңгеге дейін;
• Мақсатты пайдалану: инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру;
• Номиналды мөлшерлеме: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 4%;
• Субсидиялау мөлшері: номиналды мөлшерлеменің 40%-ы, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6% болуы тиіс; әлеуметтік кәсіпкерлер үшін ай сайын төленетін сумманың 50%-ы субсидияланады;
• Субсидиялау мерзімі: 3 жылға дейін; (Екінші деңгейлі банктерден алғашқы 6 ай немесе 1 жыл көлемінде жобаңызды іске асыру мақсатында демалыс алу мүмкіндігі қарастырылған).
Бағдарлама бойынша экономикалық басым салаларға қаражат ала аласыз. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, IT және туризм саласы бар. Одан бөлек, облыстың аудандарына жеке 6 басым саладан қосылды. Сіздің бизнесіңіздің орналасқан мекенжайына қарай субсидиялау салалары да әртүрлі болуы мүмкін. Толығырақ ақпаратты «Даму» қорының ресми сайты damu.kz біле аласыздар немесе 1408 Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қолжетімді.
Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлерге көбірек қолдау көрсетіледі. Олар үшін салалық шектеулер алынып тасталынды, яғни кез келген кәсіп түріне қаржы алу мүмкіндігі бар, ал субсидиялау мөлшері сыйақының номиналды мөлшерлемесінің 50%-ы деңгейінде белгіленді. Бағдарламаның қалған қатысушылары үшін бұл көрсеткіш 40%-ды құрайды.
Инвестицияларға қойылатын талаптар да өзгерді. Кәсіпкерлер жабдықтарды, техниканы, көлікті, құрылыс материалдарын және басқа да активтерді тиісті тізілімге енгізілген қазақстандық өндірушілерден сатып алуы тиіс. Егер қажетті тауар тізілімде болмаса, оны басқа өндірушілерден сатып алуға жол беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер, «Даму» қорының серіктесі болып табылатын екінші деңгейдегі банкке, қаржыландыру алу үшін өтінім береді. Қаржыландыру мақұлданғаннан кейін жоба субсидия беру туралы шешім қабылдау және қарау үшін «Даму» қорына жолданады.
Егер қосымша сұрақтар болса, «Даму» қорының аймақтық филиалынан жеке консультация алып, «Даму» қорының кәсіпкерлерге арналған басқа да бағдарламалары туралы ақпарат ала алады.