Перейти к содержимому

Қауіпсіздік – баршаға ортақ

17 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік тек полиция қызметкерлерінің міндеті емес. Әр азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қоса алады. Көшеде, қоғамдық орындарда және тұрғын үй аулаларында тәртіпті сақтау маңызды. Күмәнді жағдайға тап болған кезде бейжай қалмай, тиісті қызметтерге хабарлау қажет. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасында байланыс болуы керек. Қауіпсіз орта азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан тәртіпті сақтау әр адамның азаматтық жауапкершілігінен басталады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑