Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Kitap Time – 2026» республикалық кітап фестивалі өтті

«Kitap Time – 2026» республикалық кітап фестивалі өтті

11 қаралым

Биыл елімізде бесінші рет аталып өтіп жатқан «Kitap Time – 2026» республикалық кітап фестивалі аясында Балқаш аудандық кітапханасында «Кітаппен өткен уақыт» атты кітап оқу кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Сеңгірбаев атындағы орта мектептің, Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының және Бақанас мектеп-интернатының оқушылары және ұстаздар қауымы қатысты.

Тағылымы мол шара барысында кітапхананың библиографы Алтынай Сымылтырова оқырмандарды арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, кітаптардың мазмұны мен маңызы жөнінде қызықты ақпараттар ұсынды.

Ашық аспан астында өткен шара барысында балалар табиғат аясында еркін отырып, өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап, қызығушылықпен оқыды. Еркін форматтағы кітап оқу кеші оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, кітаппен өткізген уақыттың қаншалықты пайдалы әрі әсерлі екенін көрсетті.

Кітап – рухани қазына, ал кітаппен өткен әрбір сәт – адамның жан дүниесін байытатын құнды уақыт.

Алтынай СЕЙІТКЕН