Қоғамдық орындардағы тәртіп адамның жалпы мәдениетін көрсетеді.
Көшеде, саябақта, қоғамдық көлікте немесе мекемеде әркім белгіленген талапты сақтауы керек. Қоқысты кез келген жерге тастау, айналаға кедергі келтіру – ортақ ортаға деген құрметсіздік.
Тазалық пен тәртіпті сақтау қарапайым әдеттен басталады.
Сонымен бірге қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау маңызды.
Орындықты, аялдаманы немесе басқа нысанды бүлдіру – жай ғана бұзақылық емес, ортақ дүниеге зиян келтіру. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. Әр азамат өзінен кейінгі адамды да ойлағаны жөн. Қоғамдық ортада үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де мәдениеттің белгісі.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ