Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ҚАДІРЛЕЙІК

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ ҚАДІРЛЕЙІК

25 қаралым

Саябақтар, алаңдар, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындары – тұрғындардың ортақ пайдалануындағы нысандар. Олардың таза әрі бүтін болуы қоршаған ортаға деген құрметтен басталады.

Қоғамдық орындарды ластамау, қоқысты арнайы жәшіктерге салу, орындықтар мен ойын жабдықтарын бүлдірмеу – қарапайым мәдениеттің көрінісі.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында мұндай аумақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Алайда жаңартылған орындардың ұзақ уақыт бойы жақсы күйде сақталуы тұрғындардың өзіне де байланысты.

↑